Алматыда әкім Бақытжан Сағынтаевтың бамтамасымен ЖМКА жанында ПТР скрининг жүргізу үшін мобильді зертхана ашылды

Халықты COVID-19-ды диагностикалауды одан ары кеңейту мақсатында Алматы қаласының әкімшілігімен зертханалардың қуаттылығын арттыру бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының аумағында ПТР тестілеу әдісі арқылы сараптамаларды зерттеу үшін жекеменшік мобильді зертхана іске қосылды.

Зертхана «PSI Group» компаниялар тобымен жасалған және отандық өндіруші Қарасай машина зауытымен дайындалған.

«Алғашқы екі зертхана салынды. Қала басшылығына зертханалардың бірін қалада қалдыру ұсынысын жасадық. Бастамамызды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қолдады», — деді машина жасау жобасының директоры Павел Беклемишев. Ол зертхананың ПТР скрининг өткізуі үшін ҚХР, Тайвань және Оңтүстік Корея елдерінің қажетті құралдарымен толықтай жабдықталғанын атап өтті. Сонымен бірге, барлық қажетті шығын материалдары сатып алынған.

Зертхананың жобалық өндірісі тәулігіне 500 сараптаманы құрайды. Зерттеу материалдары қаланың медициналық мекемелерінен тегін медициналық көмек кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында жолданады.

Зертхананың Алматы қаласының аталған ауданының медициналық ұйымдарына максималды түрде жақын орналасқанын және оның сынама үлгілерін жеткізу уақытын алмайтынын атап өту керек, соның арқасында COVID-19 сараптамаларын қауіпсіз және жылдам жасауға мүмкіндігі бар.

Жоба Қазақстан Республикасының нормативтік талаптары мен халықаралық мамандардың нұсқаулықтарына сәйкес орындалған.

Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсздігін бақылау департаменті тарапынан көрсетілетін кеңес беру көмегінің арқасында зертхананы ашу және тиісті рұқсат алуға үш апта уақыт кетті. Алғашқы зерттеу материалдары ертеңнен бастап алынады.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша жеті зертхана қызмет ететінін еске саламыз. Олардың арасында: Ұлттық сараптама орталығы, Орталық референс-зертхана, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтеудің ғылыми практикалық орталығы, Medical partners Korea, Қалалық ЖИТС, «Олимп» КДЗ, «Атакент» ҚІЫО аумағында модульді зертхана кешені бар. Сонымен бірге, екі жылжымалы қабылдау пункті ашылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *