АЛМАТЫДА КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫСТАН ШЕТТЕТІЛДІ

    Карантин режимін өрескел бұзғаны үшін Алматыда криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиядин қызметтен шеттетілді. Бұл туралы www.24.kz хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қымбат көлік мінген азаматардың жалпы тәртіпке бағынбай, бақылау бекеттерінен кедергісіз өтіп жатқан бейнекадрлар тараған болатын. Ережені ескермегендер артынша бір дастархан басында жиналған. Сол жерде Жанболат Зиядин де болған.

Бұл көрініс көпшіліктің ашу-ызасын тудырған еді. Осы оқиғаға қатысты қазір полиция департаментінде қызметтік тергеу басталды. Карантин ережесін бұзғандардың барлығы құрықталды.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *