Алматыда үй жануарларын тіркеу базасы енгізілді

Құттыбек АЙМАХАН

 

Алматы қаласы Өңірлік коммуни­кациялар қызметі алаңында қалалық Ауыл шаруашы­лығы және вете­ри­нария басқарма­сының басшысы Ай­дын Керімбектің қатысуымен брифинг өтті.

Оның айтуынша, 2016 жылы Алматы Индустриалды аймағында «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жылына 7 мың тонна өнім (қияр, қызанақ) өндіретін еліміздегі ең ірі «BRB APK» ЖШС жылы­жай кешені  салын­ды. Дегенмен, егістік алаңдардың жоқтығы қаладағы жылыжай кешендерін кеңейтудің басым бағыттарын қайта қарауға әкеліп соқтырған.

Жылыжай шаруашылығын дамыту отандық білікті мамандардың жетіспеуші­лігімен, білімдерін уақытылы алмауымен байланысты. Осыған орай, жылыжай кеше­ні саласына қатысты барлық мамандық­тардың жергілікті мамандарын тұрақты және толыққанды оқытуды қамтамасыз ету үшін Нидерланды, Испания, Израиль, Оңтүстік Корея және Түркиядан шетелдік тәлімгерлерді тарта отырып, оқу орталығын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрақты түрде тренинг өткізіліп, пилот­тық жоба түрінде Алматы қаласындағы бюджеттік емес қаражат есебінен 2 гек­тарға арналған жылыжай құрылысы жос­парланып отыр және оның негізінде жаңа технологияларды қолданатын Оқыту орталығы құрылатын болады. Сосын Елба­сының Жолдауын іске асыру барысында 2017 жылы желтоқсанда ҚазҰАУ-де өткен «Бірінші Органикалық Болашақ» органи­калық форумы «Қазақстанда жасалған» брендімен әлемдік нарыққа шығудың үлкен әлеуеті ретінде органикалық ауыл шаруа­шылығын дамытатын болды. Бұл ретте форумның басты мақсаты – органикалық мәдениетті танымал ету – азық-түліктен өмір салтына, мәселелерді анықтауға және бүкіл сектордың стратегиялық шешімдерін әзірлеуге қатысты. Бұл ретте органикалық өндірістің табысты жобалары: Organіc Agropark Socіal Farm, Bіotauger LLP (орга­никалық жүзім және шарап), Қазақстан­ның балара шаруашылығы ұлттық одағы таныстырылды.

Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының маңызды бағыты – ветеринария саласы екені белгілі. Болашақта оның техноло­гиялық жаңалығын онлайн-трансляция сияқты GPS, дауыстық маркер, QR-код, бейне тану, ветеринардың практи­калық жұмысына кіріктіру жоспарлануда. Мыса­лы, бүгінде Алматы қаласы аума­ғында мемлекеттік ветеринариялық-санита­риялық бақылау мен қадағалаудың 2500-дей нысаны бар. Оның 26-ы мемле­кеттік ветеринарлардың күнделікті мони­торингін жүзеге асыратын ішкі сауда объек­тілері (базарлар) болып табылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдыр­мау және мемлекеттік ветеринар­лардың қызметтік міндеттерін орындау үшін ішкі сауда нысандарында жұмыс істеу бары­сында оларды арнайы формамен, бейне­магнитофондармен және планшет­термен жабдықтау жоспарланып отыр.

Оның үстіне Алматыда 2017 жылы «Жақсы қала» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 7 мың иттер мен мысықтар сатып алынған және 10 мың ит пен мысық­ты кастрациялау және зарарсыздандыру бойынша жұмыстар жүр­гізілген екен. Сондай-ақ, республикада тұңғыш рет іс жүзінде Алматы қаласында жеке ветери­нариялық клиникалар жүзеге асырылып, шиттеу, кастрация және зарарсыздандыру рәсімдерінен өткен үй жануарларын тіркеу туралы электрондық деректер базасы әзірленді және енгізілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *