Алматыда ірі дәріхана желісі медициналық маскаларды тегін таратты Аталмыш акция қала әкімдігінің қолдауымен жасалып отыр

Елде төтенше жағдай жарияланғалы бері дәріханаларда медициналық маскалардың тапшылығымен қатар, бағасының күрт көтерілуі ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Осы мәселені шешудің бір жолы ретінде Алматыдағы ірі дәріхана желісі тегін медициналық маскаларды таратуды ұйғарды.

«Бүгін 20 мыңға жуық медициналық масканы таратып жатырмыз. Халыққа осындай төтенше жағдай кезінде көмектескіміз келді. Егер бізге бетперде тағы түсіп жатса, акцияны одан ары қарай да жалғастыратын ойымыз бар», – деді фармацевт  Әбдуәли ӘБУБӘКІР.

Аталмыш акция қала әкімдігінің қолдауымен жасалып отыр. Жалпы алғанда, маска қала бойынша 9 дәріханада беріледі. Әр  адамға 3  медициналық маска ұсынылады. Осыған орай, таңғы сағат 9 дан келіп жатқан жұрттың саны аз емес. Бетперде таппай, әбігерге түскен халық акция ұйымдастырушыларына өз ризашылығы мен алғысын білдіруде.

«Ұзақ уақыт бойы медициналық маска таба алмай жүрдім. Бұл акцияның болатынын естіп, таң атпастан осы жаққа келдім. Жетпей қала ма деп қорқып едім. Алғысым шексіз, осындай қиын кезде бір-бірімізге қолдау көрсетейік», – дейді  қала тұрғыны Айсұлу КӘРІМОВА.

«Бұл жасы үлкен қарт кісілерге өте ыңғайлы. Оларға маскаларды іздеп жүруге оңай емес, ал мына жерде  оның тегін болғаны тіпті қуантарлық жағдай. Осындай акциямен халыққа қолдау көрсетіп отыру керек», – дейді ризашылығын білдірген тағы бір тұрғын Аңсар БАЙБОЛОВ.

«Мен зейнеткермін. Маска сатып алу маған оңай емес. Ал мына дәріханада тегін таратып жатыр екен, өте керемет! Алғысымды білдіремін. Оның үстіне, бұл жақтың дәрілері де арзан», – дейді келесі бір тұрғын Раиса БОРИСОВА.

Айта кетсек, дәріхана басшылығы келушілер санын ескеріп, арасы 1 метр алшақтықты сақтау барысында еуропалық үлгіге сәйкес, дәріхана аумағын жасыл зоналарға бөліп қойған. Бұл адамдардың бір-біріне инфекция жұқтырмауының бірден бір амалы болып табылады. Жалпы, шара уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Медициналық бетперделердің бар-жоғын анықтау үшін төменде көрсетілген анықтама нөміріне хабарлассаңыз болады: 8 -727-323-17-18.

Дана Насырқызы, Нұрбол Қызықбаев, «Алматы» телеарнасы

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close