Алматыда инвесторларға арналған сайт іске қосылды

index

Алматыда инвесторларға арналған іnvestіnalmaty.org сайты іске қосылды, онда инвесторлар мегаполистің инвести­циялық әлеуеті туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады. Барлық деректер ағылшын тілінде берілген, сондай-ақ, олар: «why», «what», «how», «assіstance», «events» және «regіster» секілді 6 бөлімге бөлінген.

Порталда әлеуетті және әрекет етіп жүрген инвесторларға сауда, қызмет көрсету, тамақ өндірісі, жеңіл өнер­кәсіп, логистика және т.б. осы секілді инвестициялаудың басым салаларының тұсаукесерлері көр­сетілетін болады. Бұдан басқа, ин­весторлар Алматының жұмысы туралы пікірі мен ұсыным­дарын қалдыра алады. Әрі қарай пор­талда «онлайн» режимінде Инвесторлар кеңесін, Инвестициялық форум және басқа да іс-шаралар өткізу жоспар­ланып отыр, сондай-ақ, тұрақты түрде алдағы ивенттер туралы ақпа­ратты жаңартып отыру жұмысы өткізілетін болады.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *