АЛМАТЫДА HYUNDAІ АВТОМОБИЛЬДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Зауытты Алматыдағы Индустриалды аймақ маңында Қазақстан Республи­касының қолдауымен «Астана Моторс» компаниясы салады

«Зауыт 700-ден астам алматылық­тарды тұрақты жұмыспен қамтиды, ал бұл — біз үшін ең басты көрсеткіш. Қала тарапынан дайын инфрақұрылымдары бар 25 га жер бөлінді. Қазіргі кезде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта 144 млрд. теңгенің 39 жобасы жүзеге асырылуда. Жапондық, неміс және қытайлық, ресейлік капиталмен 5 зауыт ашылды. 800 жоғары білікті жұмыс орындары пайда болды. Биылғы жылы инвестиция көлемі шамамен 367 млрд. теңге болатын тағы 4 кәсіпорын іске қосылады, оның ішінде болат құбыр­­ларын шығаратын ірі қазақ­стандық-қытайлық «Asіa Steel Pіpe» зауыты бар, — деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Қазақстанның Индус­трия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бұл еліміздің машина жасау индустриясын дамы­тудағы маңызды стратегиялық қадам екенін атап өтті.

«Аталған кәсіпорынның өнімдері ішкі нарыққа, сонымен қатар өзге елдерге экспортқа шығарылатын болады», — деді Роман Скляр.

Алғашқы кезеңде зауыт қуатына 30 мың автомобиль жасайды, ал екін­шісінен бастап олардың санын жылына 45 мыңға дейін арттырады. Осының арқасында қазақстандық нарық Hyundaі маркалы сапалы әрі бағасы қолжетімді көліктермен толығады және ТМД елдеріне экспортталады. Жоба инвести­циясының жалпы көлемі 25 миллиард теңге. Жеке қаржымен қоса коммер­циялық шарт бойынша заем тартылады.

Зауытта дәнекерлеуші, бояушы, жинақтаушы, пластикалық панелдерді өндіруші цехтар мен сапаны бақылау учаскесі болады. Кәсіпорын Оңтүстік Корея мен Жапонияның жаңа техно­логиялы қондырғыларымен жабдықта­лады. Зауытта Hyundaі көлігінің барлық модельдері жасалады. Алғашкы кезде Accent моделінің толық циклы қолға алынады, кейінірек Creta моделін шығару жоспарланған. ЕАЭО елдерімен және өнеркәсіптік кооперациялармен іскерлік байланыс орнату арқылы көлік жасау локали­зациясы 50%-ға жетеді. Болашақта автокомпоненттер шығара­тын зауыт салу қарастырылған, бұл Қазақстандағы локализация деңгейін арттырады.

2019 жылдың соңына дейін өндірістік цехтарды салу жоспарланған, ал 2020 жылы зауыт конвейерінен алғашқы автомобиль шығатын болады.

Алматыда  үш ай ішінде  шетелдік инвестициялар 21,4%-ға артып, 111,1 млрд. теңгеге жетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *