Алматыда Халықаралық жазушылар форумы өтеді

Ұлттық кітапханада әлемнің белгілі заманауи жазушылары  Халықаралық форумының өтуіне байланысты Халықаралық қазақ ПЕН- клубы журналистерге арнап баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 Баспасөз мәслихатында ағымдағы жылдың 10–12 қыркүйек күндері Алматы қаласында «Өзгермелі әлемдегі қазіргі заманғы әдебиеттің рөлі» тақырыбында өтетін Халықаралық жазу­шылар форумының жұмыс барысы  талқыланды. Халықаралық ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, форумға шет елдерден 80-ге жуық ақын-жазушы  мен әдебиет­танушылар қатысады.

Қазақстан 1973 жылдан бері мұндай ауқымда халықаралық деңгейде әлем жазушыларының басын қосып көрмеген екен. Жаһандану дәуіріндегі қазіргі әдебиеттің жәй-күйі мен оның қазақ әдебиетіндегі көрінісі жан-жақты талқыланатын мұндай маңызды жиынды жыл сайын өткізу  жоспарланып отыр. Халықаралық деңгейдегі мәдени шараға әлемнің 17 мемлекетінен, оның ішінде Франция, АҚШ, Англия, Польша, Израиль, Қытай, Палестина, Түркия, Моңғолия, Германия, Чехия, Ресей және т.б. елдерден аса көрнекті сөз зергерлері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, 2019 жылғы Нобель сыйлығының иегері Атанас Ванчев де Трасси (Франция), Януш Вишневский (Польша), Сэндоогийн Хадаа (Моңғолия), Ханаан Аваад (Палестина), Алексей Цветков (Ираиль), Юсуф Амине Элалами (Марокко), Бақыт Кенжеев (АҚШ), Сергей Гандлевский (Ресей) сынды әлемге әйгілі жазушылар қатысады. Халықаралық қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *