Алматыда Грузия мемлекеттік театрының гастролі өтеді

23-24 маусымда сағат 19.00-де алғаш рет Алматы қаласында Грузия елінің жетекші драма театрының бірі – Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының гастролі өтеді.

Бұл гастрольдік сапар Елордамыз Астананың 20 жылды­ғына  және қазіргі заманның көрнекті режиссері Роберт Стуруаның 80 жылды­ғына орайласты­рылған. Роберт Стуруа – грузин және орыс театрының режиссері, актер, ұстаз, Шота Руставели атындағы Грузия мемле­кеттік театрының  көркемдік жетекшісі және «Et Cetera» Мәскеу театрының бас режиссері. Грузия ССР-ның халық әртісі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы және Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығы­ның лауреаты.

Аталған театр алматылықтарға «Уза­ко­ненное беззаконие» («Заңдастырылған құқық бұзушылық») атты екі актілі көңілді әфсана қойылымын ұсынатын болады. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Роберт Стуруа, композиторы – Гия  Канчели. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахна­сында қойылатын спектакль орыс тілін­дегі ілеспе аудармамен жүреді. Айта кетейік, бұл – Грузия мен Қазақстан елдерінің достығы негізінде өтетін шара болмақ. Келесі жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Грузия еліне гастрольдік сапарын жоспарлауда.

Бекзат-Саттархан

Қалдыбекұлы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close