Алматыда Елорда күніне орай бірқатар өнеркәсіп нысандарының өндірістік цехтары модернизацияланды

Астана күніне орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС жайлы сөз болып отыр.

«Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артады.

Сонымен қатар, “Солнечный” сүт зауытын жаңарту процесі және өнім ассортиментін кеғейту үшін қосымша құралдар сатып алу жұмыстары аяқталды.

Үш қабатты дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, қағаз майлықтарды шығаратын «Папирон» ЖШС жаңа цехының құрылысы, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндіретін «Дор-хан-Алматы» ЖШС кешенінің құрылысы және «Солнечный» сүт зауытын жаңғырту жұмыстары және өнім түрлерін кеңейту үшін қосымша жабдықтар алу сынды қосымша жұмыстар жүргізілді.

Өндірістік цехтарды салу және кеңейту жұмыстары “Алматы-2050” стратегиясының “шетсіз қала” бағыты аясында қалада полиорталықты (көпорталықты) дамыту мақсатында орындалды. “Шетсіз қалада” әрбір ауданда бірегей мүмкіндіктер және дамыған өндірістік салалар болады, сол үшін жаңа нысандар салынбақ.

Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыруда айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етеді.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, Алматы қаласының өсімі көпорталықтандырылған болады және қаланың түрлі бөліктерінде бірнеше аймақта орналасады. Қала инфрақұрылымын жаңарту алдағы бес жылда инвестициялар үшін жаңа алаң пайда болады.

Жалпы, Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 3 шілдесінен өндірістік кәсіпорындардың үздіксіз өндіріс қызметі санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда рұқсат етілгенін еске саламыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *