Алматыда Дінмұхамед Қонаев сайтының тұсауы кесілді

Портал аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің дүниеден өткеніне 26 жыл толуына орайластырылып іске қосылды. Мұнда академиктің өміріне қатысты құнды мұрағаттар ұсынылған. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Кез-келген азамат kunayev.kz порталына кіріп, Димаш Ахметұлының суреттері және құжаттарымен таныса алады.

Бүгінде интернетте жүрген Қонаев туралы ақпараттардың ішінде көптеген мифтер де бар. Соның барлығының ақ-қарасын ажырату үшін осы сайт ашылды. Мұнда Димекеңнің суреттері мен видеолары бар. Ол кісі қалай, қанша өмір сүрді барлығы осы видеолардың ішінде бар», – деді Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қоры бас директорының орынбасары Тимур Жұманов.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *