Алматыда Covid-19 вирусын жұқтырған жүкті әйел дүниеге дені сау бала әкелді

Мәншүк БЕКБОСЫН
13 сәуірде екіқабат әйел жүктілігінің 39-шы аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіледі. Жүкті әйелден коронавирусқа қарсы талдаулар алынып, нәтижесі оң болып шығады. 15 сәуірде дәрігерлер талдау көрсеткіштері бойынша оған кесарь тілігі отасын жасап, босандырып алады. Нәтижесінде салмағы 3,5 келіден асатын шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келді. Бұл науқастың екінші босануы екен.
«Жаңа туған нәрестеден алынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Қазір анасының денсаулығы қанағаттанарлық. Жуырда ол емделуін жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Науқас қауіпті індеттен толық сауығып шыққаннан кейін ғана ұлымен қауыша алады.
Айта кету керек, №1 Қалалық клиникалық аурухана провизорлық орталық болып табылады. Бұл ауруханада қауіпті індетті жұқтырған жүкті әйелдер босанады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *