Алматыда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

«Рухани жаңғыру» және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы Алмалы аудандық әкімі аппаратымен бірлесіп бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Бос жұмыс орындар жәрмең¬кесіне 20-дан астам компания қатысып, 100-ге жуық бос жұ¬мыс орындарын ұсынды. Жәр¬меңке барысында жәрмең¬кеге қатысқан 95 адамның 10 адамы бірден жұмысқа қабыл¬данса, олардың арасында әкімшілер, есепшілер, аспазшы¬лар, сату¬шы-кассирлер, күзетші¬лер және т.б. кәсіп түрлері бар. Жәрмең¬кеге қатысқан үміткер¬лер, жұмыс берушіден жұмыс орны, еңбек¬ақы жағдай туралы ақпараттар алып, сауал жолдап, оған тиісті жауаптар алды.
Жұмыс іздеушілерге келесі компаниялар жұмыстар ұсынды: «Нәзік» ЖШС, «Бердик» ЖШС, «Магнум» бөлшек сауда желісі, «Централь+¬Домсталь» ЖШС, «Қағанат» ЖШС, «№30 қалалық емха¬насы» және басқалар.
Жәрмеңкеде қандай да бір себептерге байланысты лайық¬ты бос жұмыс орындарын таппаған азамат¬тарға Жұмыс¬пен қамту орта¬лығының қызметкерлері «Еңбек» нәти¬желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкер¬лікті дамы¬тудың 2017–2021 жы묬дарға арналған бағдарлама¬сының әр түрлі бағыттары, жұмыспен қамтуға жәрдем¬десудің бел¬сенді шаралары, жаңа ма¬мандықты тегін игеру¬дің мүмкіндіктері, өз ісін ашу туралы жұмыссыздарға толық кеңестер берді. Сондай-ақ, жәр¬меңкенің барлық қатысушы¬ларына Жұмыспен қамту орта¬лығының және «Еңбек» Мемле¬кеттік бағдарла¬масы туралы ақпараттары бар буклеттер таратылды.
– Бос жұмыс орындары ту¬ралы ақпараттарды www. enbek.kz электронды еңбек биржасынан қарауға болады. Барлық жұмыссыздар жұмыс іздеуге көмек алу үшін Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келесі мекен-жайға хабарласа алады: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы. Анықтама телефондары: 8 (727) 224-20-00, 221-66-11, – дейді орталықтың тұрақты жұмыс орындары бөлімінің басшысы Айбек Әлишәріпов.

Тұрақты жұмыс тапты

Әуезов ауданы әкімі аппараты Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Гран парк» сауда орталығында «Нәти¬желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017—2021 жылғы «Еңбек» бағдарламасы бойынша жастар¬ға және жұмыс іздеуші аза¬маттарға бос жұмыс орын жәрменкесін өткізді.

Бос жұмыс орын жәрмең¬кесіне 123 жұмыс іздеушілер қатысып, 50-ден аса мекеме¬лерден 500-ден аса бос жұмыс орындарын қамта¬масыз етті.
Келген жұмыс іздеушілерден 24 түйіндеме мен сауалнама алынды. Сонымен қатар, 17 жұмыс¬сыз тұрақты жұмыс орындарына жіберілді.

Тегін оқуға шақырады
Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тіркелген жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мүмкіндігін ұсынады.
«Коммерциялық Агент», «Азық-түлік тауарларының сатушысы», «DD1 санатындағы көлік құрал¬дарының жүргізу¬шісі» (біліктілікті арттыру), «Автокөлік құралдарының ша¬нақтарын жөндеу шебері», «Хатшы-референт», «Күш желі¬лері мен электр жабдықтары бойынша электр монтаждаушы» және т.б. мамандықтар бойынша оқуға топтар құру жалғасуда, толық тізбемен Жұмыспен қамту орталығында танысуға болады. Оқыту қаланың оқу орталық¬тарында өтеді. Азамат қайта оқып қана қоймай, соны¬мен қатар, бар мамандық бойын¬ша біліктілігін арттыра алады. Ал енді қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың бірқатар артықшы¬лықтарына тоқталсақ:

• жұмыс берушілерде сұра¬нысқа ие мамандықтарды меңгеру мүмкіндігі;
• қызмет саласын өзгерту және онда табысқа жету мүм¬кіндігі;
• пайдалы болуы мүмкін жаңа дағ¬дыларды алу;
• тегін оқу + стипендия 16 759 теңге.
Қысқа мерзімді кәсіби курс¬тар бағдарламасына қатысу¬шылар шәкіртақымен қамта¬масыз етіледі. Оқу ұзақтығы мамандықтың ерекшеліктеріне қарай бір айдан үш айға дейін жалғасады. Соңында сертифи¬кат беріледі, жұмысқа орна¬ласуға жәрдем көрсетіледі, ал өз бизнесін ашқысы келетіндерге бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алуға жолдама беріледі.
Оқыту мәселелері бойынша жұмыссыз қалалықтарға «Ал¬маты қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласу қажет. +7 (727) 224 20 00, 221 66 11.
Раушан ӘБЕУОВА,
Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

1 пікір

  1. Азаматтарды жұмыспен қамтудың өзі үлкен іс болып саналады. Жұмыссыздықтың санын азайту қажет деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *