Алматыда «Biz birgemiz!» атты бейбіт шеру болып өтті

Алматыда «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен бейбіт шеру өтті

Алматыда «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен қалалық мәслихат депутаттары, партияның алматылық белсенді мүшелері мен жастар, қала тұрғындары қатысқан «Biz birgemiz!» атты бейбіт шеру болып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист, публицист, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Әшімжан Жанарбек жүргізген алқалы жиында қоғам қайраткерлері, өнердің өкілдері, көпбалалы аналар және жастар да өз ойларын білдірді.
Митингке бейбіт елдің тыныштығына тілекші, болашаққа сеніммен қарайтын, кезінде ел тарихының бастауындағы ең маңызды шешімдер қабылданған тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болып саналатын – Алматы тұрғындары қатысып, жиналған қауымға жалынды сөздерін арнады.

«Кешегі 90-ыншы жылдарды еске алайықшы. Экономиканың барлық саласында дағдарыс. Бір бөлке нан мен сүт алу үшін таңнан кешке дейін кезекте тұратынбыз. Ата-аналарымыздың қызметін тастап, бізді асырау үшін базар жағалап кеткенінемен де куәмін. Сабағымызды майшаммен оқып ержеттік.Осындай дағдарысты жылдардан бізді алып шыққан ертеңгі жақсы күндерге деген сенім, жүректегі патриоттық сезім болатын. Міне, қазіртөрткүл дүниемен тереземіз теңелді. Ал осындай айрандай ұйып отырған халқымыздың ынтымағын ыдыратып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер бар. Кезінде қарапайым халықтың банктегі ақшасын жымқырып кеткен Әбілязов бүгін шетелде отырып алып халықты тағы да аласапыранға айдап салғысы келеді. Ондай жалаңсөз айтаққа ерудің қажеті жоқ», – деді қала жастары атынан мінберге шығып сөз сөйлеген «Qadam PRO» ЖШС-нің директоры Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ, ол жастарды жігерлі, сауатты, парасатты болуға, жақсылығымызды асырып жүруге, ал кем-кетігіміз болса бірге толтыруға шақырды. Сөзінің соңын Е.Бейсенбаев Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген жалынды жырынан үзінді оқып түйіндеді.

Бек Байтас.

Алматыда Biz birgemiz атты митинг өтті

Журналист, публицист Әшімжан Жанарбек пен әскери ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Ким Серікбаев митингке жиналғандарға халық үшін тыныштық пен тұрақтылықтың, бірліктің айрықша маңызды екенін түсіндірді.

митинг
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Сарыарқа кинотеатрының маңындағы алаңға мыңдаған адам жиналды. Олардың мақсаты – ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға жұмылу. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Митинг модераторы журналист, публицист Әшімжан Жанарбек бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер хақындағы ойларын ортаға салды.

Қазір қоғам тарапынан көптеген мәселе алға тартылып жатыр. Оны жасырудың еш қажеті жоқ. Бірлесе шешу керек. Олар мемлекет тарапынан тиісінше шешіліп жатқаны да ақиқат. Бәрімізге белгілі, көпбалалы аналар мәселесі, жастардың әлеуметтік жағдайы секілді дүниелердің барлығына да Елбасының тікелей пәрменімен Nur Otan партиясы бас болып, мемлекетіміз сол сәтінде көңіл аударып, нақты шараларды қолға алды. “Бақытты отбасы”, “Құтты мекен”, “Халыққа көмек” ұлттық жобалары табысты іске асырылып жатыр. Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында да әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінгені атап өтілді. Әсіресе, көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылардың 300 мыңға дейінгі банктік тұтынушылық несиелерін өтеу туралы таяуда қабылданған шешім де қаншама адамды ауыртпалықтан құтқармақ. Күні кеше Арыста болған апатта халқымыз ауызбіршілігін, жанашырлығын көрсетіп, Nur Otan партиясы да, мемлекетіміз де зардап шеккен жұртқа бар жағдайын жасап жатыр, – дейді ол.

митинг
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Модератор осындай кезеңде халықтың бір кісідей жұмылып, туындаған мәселелерін бірлесе шешуі керек екенін айтты.

Елдің ынтымақта дамуын көре алмайтын кей жандар бар екені өкінішті. Олар жеке мүддесін көздеп, шетелде отырып алып, халық арасына іріткі салып, жұртты бүлікке шақырады. Әлеуметтік проблемаларды желеу қылып, елдің ішіне лаң салып, халықтың шырқын бұзуға ешқашанда жол берілмейді, – деді Әшімжан Жанарбек.

митинг
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Кейін ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, әскери ғылымдарының докторы, Қазақстан әскери ғылымдары академиясының мүшесі, қоғам қайраткері Ким Серікбаевжәне тағы басқалар жиын тақырыбы мен мақсатына байланысты толғандырған ойларын бөлісті.

Мен бар ғұмырымды әскер саласына арнаған адаммын. Елімізді сыртқы жаудан, ішкі даудан қорғауды мақсат еткен әскери мамандар даярлауға қатыстым. Жас буынға әскери-патриоттық тәрбие беру – менің ғұмырымның бір бөлшегі іспетті. Мұндағы мақсатымыз не еді? Елдің бейбіт тіршілігі, тату-тәтті өмірі болатын. Дүниеде бейбітшіліктен асқан, тыныштықтан артық ешнәрсе жоқ. Тек бейбіт жерде ғана береке болады, – деді ардагер Ким Серікбайұлы.

митинг Алматы
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Ол әр адамның тағдыры өз қолында екенін, балалар үйінде тәрбиеленіп, жоқшылықты да, қиыншылықты да бір кісідей тартқанын, алдына мақсат қойып, аянбай еңбектеніп, соған жетуге тырысқанын, ерінбей еңбек еткен адамның алмайтын қамалы жоқ екенін айтты. Маңдайы терлеп, еңбектенген адамға Қазақстанда жұмыс та, табыс та бар екенін, немен айналысамын десең де мемлекет жол ашып отырғанын нақты мысалдар келтірді.

Бәріміз де “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, мемлекет басшысының жанынан табылуымыз керек. Nur Otan партиясының қарапайым халықтың қамын ойлаған елдік жобаларын іске асыруына барынша қолдау көрсеткеніміз жөн. Осындайда кейбіреулер, нақты айтсақ Әбілязов және оның жақтастары, шетелде отырып алып, елдің шырқын бұзғысы келеді. Біз мұндай арандатуға ешқашан жол бермейміз. Бізге елдігіміз, тыныштығымыз қымбат. Сондықтан да мұндай жат пиғылға арандап қалмайық, парасатты болайық. Әйгілі батыр Бауыржан Момышұлы “Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды” деген. Мемлекетіміздің заңын сақтайық. Ұсынып отырған мүмкіндіктерін пайдаланып, өзімізді де, елді де көркейтуге атсалысайық. Ата-бабамыздан мұраға қалған жер де, ел де өзіміздікі. Бізге сырттан келіп ешкім жұмақ орнатып бермейді. Бәрі де өз қолымызда. Сондықтан әрдайым ауызбіршілікте болайық. Тыныштығымызды сақтап, қол жеткен жетістіктерімізді әрі қарай арттыра берейік, – деді ардагер.

Митингке жиналғандар Ким Серікбайұлының баталы сөзін қолдап, халық үшін тыныштық пен тұрақтылықтың, бірліктің айрықша маңызды, ерекше бағалы әрі қымбат екеніне басымдық берді. Елді бірлікке іріткі салушыларға жол бермеуге шақырды.

ТҰНЫҒЫМЫЗДЫ ЕШКІМ ЛАЙЛАМАСЫН

Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының аумағында «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Biz birgemiz!» атты митинг өтті. Оған қалалық мәслихат депутаттары, партияның алматылық белсенді мүшелері мен жастар, қала тұрғындары, барлығы екі мыңға жуық адам қатысты, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

Жиын тізгінін ұстаған журналист, публицист, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Әшімжан Жанарбек өткізіліп отырған іс-шараның мақсатына тоқталып өтті.

Ал митингіге қатысушылар Тәуелсіздік жылдарындағы соны жаңалықтарды, толағай табыстарды, тыныш өміріміз туралы айта келе, осындай тыныштығымызды лайлағасы келетін, араға іріткі салғысы келетін кейбір адамдар жайында да пікірлерін жасырмады.

Солардың бірі – алматылық көпбалалы ана, «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорының басшысы, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі Гаухар Танашева:

– Жолдасым екеуіміз 8 бала тәрбиелеп отырмыз. Олардың бесеуін асырап алғанбыз, біреуі бала жасынан сырқат. 8 баланы асырау оңай емес, әрине. Бірақ осы қадамға мен аналық жүрегіммен бардым. Оған еш өкінбеймін де. Бізге мемлекет те, «Nur Otan»партиясы да әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Бүгінде шетелде тұрып, көп балалы аналардың мәселесін өзінің теріс пиғылына пайдаланғысы келетіндер пайда болыпты. Солардың ең белсендісі Әбілязов екендігі де жасырын емес. Жат елде, жайлы жерде отырып алып, аналар мен балаларды бүлікке шақыратындардың, қарапайым адамдарды қару ретінде пайдаланғысы келетіндірдің іс-әрекетін азаматтыққа жатқыза алмаймын, – деді Гаухар Танашева.

Сондай-ақ, ол көпбалалы аналарды ешкімнің айтағына, арандатуына ермеуге, өз ішіміздегі мәселені ешкім сырттан келіп шешіп бермейтінін, ауызбіршілік болса, алынбас қамал болмайтынын айтты.

Иә, бейбіт шеруге жиналғандар көпшілік қауымды Елбасының берекеге бағышталған елдік жолын ұстанып, Мемлекет басшысының маңайына топтасып, мемлекет тұрақтылығын шайқалтпауға, ел бірлігіне сызат түсірмеуге атсалысуға шақырды.

Бейбіт шеру: Біз ашықпыз, халыққа жақынбыз

Елорданың туған күніне орай ұйымдастырған бейбіт шеруге екі мыңға жуық адам қатысты

Алматының «Сарыарқа» кинотеатры аумағында «Nur Otan» партиясының Елорданың туған күніне орай ұйымдастырған бейбіт шеруіне екі мыңға жуық адам қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Митингтің мақсаты – қазақстандықтарды ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға жұмылдыру болатын. Оған қатысқан қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің, өнер тарландарының, көпбалалы аналардың және жастардың ой-пікірлері бір бағытта тоғысып жатты.

а

Мінберге шығып сөз алған республикалық «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Конкуров та отандастарымызды жат елде отырып біздің тыныштығымызды бұзуға әрекет етіп жүрген арам пиғылды адамдардың арандатуына ермеуге шақырды.

«Сүйікті Қазақстанымда өсіп-өніп, білім алып, бизнеспен айналысып, табыстарға жеттім. Қоғамдық істермен айналыстым. Қай іспен шұғылданбайын, әрқашан партияның қолдауын көрдім. Ал арандатушылар деген кімдер? Өздеріңіз жақсы білесіздер, олардың бірі – Әблязов. Мемлекет қаржысын ұрлап, шетелге қашқан алаяқ. Шетелде отырып елді бүлдіргісі келеді. Оның сөзіне кім сенеді? Елге жаны ашитын адам елмен бірге болмай ма?! Кешегі Арыс оқиғасында бауырларымызға неге көмектеспеді? Бос сөзден басқа ештеңе бітіріп отырған жоқ.

а
Біздің Алматы қалалық «Nur Otan»партиясы Арысқа бірінші күні-ақ 150 тонна құрылыс материалдарын, 30 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Халықты бүлікке шақырушылар сол кезде қайда болды? Халық ақымақ емес, кімнің кім екенін жақсы біледі. Өздеріңіз білесіздер, елімізде партия көп. Бірақ көпшілігі қиналғанда бізге келеді. Өйткені, біз ашықпыз, халыққа жақынбыз. Біз бәрімен біргеміз! Сондықтан да біз алмайтын қамал болмайды», – деді С.Канкуров.

а

Осы орайда айта кетейік, «Nur Otan» партиясына жылына 100 мыңнан астам адам өтінішпен жүгінеді. Тек бір Алматының өзінде жыл сайын 10 мыңдай адамды жеке қабылдап, олардың мұң-мұқтажы тыңдалып, 70 пайызының мәселесі оң шешімін тауып отырады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *