Алматыда биыл 121 шақырым жаңа жол салынады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кеңес өткізіп, онда шаһар жолдарын жөндеу және салу жұмыстарының барысы қаралды.
Қалалық мобильділік басқарманың мәліметі бойынша, биыл алдыңғы жылдармен салыстырғанда Алматыда төрт есе көп жол салынады.
Алатау ауданының 13 ықшамауданында және Түрксіб ауданының 1 ықшамауданында 469 көшеге ұзындығы 121 шақырым болатын жол салынады. Мұнда 143,5 мыңнан астам тұрғын тұрады.
Бұл жолдар «Саялы», «Алғабас-АЗТМ», «Ақбұлақ», «Ұлжан-2», «Қарасу», «Көкқайнар», «Әйгерім-1», «Әйгерім-2», «Шаңырақ-1», «Ұлжан-1», «Трудовик», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-2» және «Жас қанат» ықшамаудандарына тиесілі. Нәтижесінде биыл Алматы жолдарының ұзындығы 4%-ға артады.
Бұлдан өзге, 149 көшеде ұзындығы 139 шақырым болатын жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Сүйінбай даңғылын Шолохов көшесінен Б.Хмельницкий көшесіне дейін реконструкциялау аяқталды. Мұнда Шолохов көшесінен солға қарай бұрылып кіретін 1,1 шақырым жол салынды.
Жолдың қозғалыс бөлігіне асфальт төселіп, солға қарай бұрылыс жасалып, тротуарлар, арықтар жөнделді, жарық орнатылды, инженерлік желілер ауыстырылды және көгалдандырылды. Жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *