АЛМАТЫДА БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы үйі ашылуының тұсаукесері өтті. Жоғары халықаралық стандарттарға және қауіпсіздік талаптарына сай жасалған офистің ашылуына елшілік корпустарының және БҰҰ-ның 14 өңірлік офистерінің өкілдері қатысты.

Қала әкімі Бауыржан Байбек «Қала адамдар үшін» тұжырымдамасы аясында Алматыда қоғамдық кеңістікті модер­низациялау бойынша бірқатар жұмыс­тардың атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Соның ішінде БҰҰ-ның Даму бағдарламасына сай «Тұрақты көлік» жобасы жүзеге асуда.

–       Алматыда 29 консулдық ұйым­дары мен сауда өкілдіктері бар. Соны­мен қатар, ірі трансұлттық компания­лардың 60-тан астам офистері орналас­қан. Қазақстан – қауіпсіз әрі бейбіт­шілікті сүйетін ел. Мемлекет басшы­сының институционалды реформалары­ның арқасында тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілген. Біз қаланы халықаралық ұйымдардың өңірлік хабына айналдыру үшін жүйелі жұмыс­тар жүргізудеміз. Бүгін Алматы декла­ра­циясының қабылданғанына 40 жыл толуына орай «Мэрлер саммиті» өз жұмысын бастады. Осы игі шара аясын­да БҰҰ-ның жаңа үйінің тұсаукесері өтті. Бұл күн тарих беттеріне алтын әріппен жазылатынына сенімдімін, – деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орта Азия елдері бойынша өңірлік директоры Афшан Хан Алма­тыдағы жаңа офистің өңірлік өкілдік­тер қызметіне тың серпіліс беретінін және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатынын атап өтті.

–       БҰҰ Бас хатшысының атынан Қазақстанға, Сыртқы істер министр­лігіне, қала әкімшілігіне осындай игі шараларды жүзеге асырғандары үшін және барлық өңірлерде тұрақты дамуды мақсат еткендері үшін алғыс айтамын. Бұл жаңа офис халықаралық ұйымдар­мен ғана емес, сонымен қатар елдің дарынды жастарымен ынтымақтас­тықты одан әрі нығайтуға жаңа мүмкін­діктер береді, – деп атап өтті Афшан Хан.

БҰҰ үйі қаланың іскер ауданында, Ботаника бағы мен «Атакент» көрме орталығының маңында орналасқан. БҰҰ-ның өкілдігі жаңа офиске биылғы жылдың аяғында көшеді деп күтілуде.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *