АЛМАТЫДА БҰҚАРАЛЫҚ ВЕЛОПАРАД ӨТЕДІ

Мегаполис басшылығы алматылықтарды велопарадқа қатысуға шақырады

Жалпыхалықтық велопарад Алматы­да алдағы жексенбі, 14 сәуір күні өтеді. Бұқаралық велопарадқа қатысушы­лардың жасына шектеу қойылмайды. Және дөңгелекті, моторсыз қозғалыс құралдарының (самокат, скейтборд, сегвейлер, роликтер, т.б.) барлығы жібе­ріледі. Әрине, ең басты көлік – велоси­пед. Алғашқы рет велошеруге өз «көлік­терімен» бүлдіршіндер жіберіліп отыр, олар үшін велошеру Зенков көшесінен басталады.

Жалпы, велопарад Абай даңғылын­дағы Мемлекеттік цирк жанынан бас­талып, солтүстік бағытта Гоголь көшесі мен Орталық демалыс саябағында мәреге жетеді. Бағыттың қашықтығы 7 шақы­рым­дай. Ұйымдастырушылар көңіл жадырататын, ерекше костюм кигендерге бөлек сыйлықтар дайындап отыр. Барлық қатысушыларға өз қауіпсіздігі үшін арнайы бас киім (шлем) киюге кеңес беріледі.

«Алматы бұқаралық велопарады» мегаполис тұрғындарын қаланың Спорт басқармасының «Алматы спорты» әлеу­меттік бағдарламасы аясында салауат­тылық пен белсенді демалыс, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдасты­рылып отыр. Алматы қаласы Спорт басқармасы барша алматылықтарды «Алматы бұқаралық велопарадқа» қатысуға шақырады.

Велопарадқа қатысуға жиналатын жер:

Абай даңғылы, Мемлекеттік цирк.

14 сәуір, сағат 10.00.

Бүлдіршіндер үшін –

Гоголь-Зенков көшесі.

Мәре: Орталық демалыс саябағы.

Келіңіздер, қатысыңыздар!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *