Алматыда арық жүйесін түгендеу аяқталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев төрағалы еткен аппараттық кеңесте арық желілерін түгендеу нәтижелері қаралды, оның қорытындысы бойынша арықтарды абаттандыру және жаңбыр суларын ағызу бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады.

Арық желілерін түгендеу қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жағдайдың өзектілігі, бұрыннан бар арық желілері мен жауын кәріздерінің карта-сызбасын әзірлеу мақсатында жүргізілді. Сондай-ақ, жасыл желектерді сумен қамтамасыз етудің және жаңбыр суларын ағызудың кешенді шараларын әзірлеу міндеті қойылды.

Түгендеу нәтижесінде 1523 шақырымды құрайтын суармалы арықтардың жалпы ұзындығы белгіленді. Соның ішінде аудандық әкімдіктер еншісінде — 1138 шақырым, аулалардың аумағында — 245 шақырым, саябақ аймақтарында — 60 км. 424 шақырым арық желілері жөндеуді немесе қайта жөндеуді қажет етеді. Суару үшін 168 шақырым арық қолданылады.

Нысандардың төлқұжаттары бойынша геодеректер базасы жасалды, түгендеу карталарының кешені, сондай-ақ арық желілері ме жаңбыр кәріздерін абаттандыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Алматының арық желілері өзінің маңызы бойынша көпсалалы және жасыл желектерді суаруға әрі жайлы микроаухал құруға арналған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *