Алматыда қар жауды

09 сәуір күні сағат 03.00-ден кейін Алматы қаласында жаңбыр жауса, таулы аймақта қар түсті. Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша таулы аудандарда 4 см қар түскен.
Су басу мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 бірлік арнайы техника, оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшылары тартылды.
Қаланың жоғарғы бөлігінде тайғаққа қарсы 15 тонна мөлшерінде материалдар себілді.
​Қала және аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда.
М.БЕКБОСЫН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *