Алматыда алма гүлдеді

Бұл – тіршіліктің бастауы болған, төңірекке жылылық шуағын шаша келген  көктемнің тағы бір белгісі іспетті. Өйткені, көктем – өмір бастауы.

«Келді көктемім, гүлдер бүршігін жарып,

Келді көктемім қуаныш лебін алып», –

деп әндеткеніміздей, Алматыда көктем ойнақы мінезіне басып тұр. Тосын мінезге толы көктем мезгіліндегі жаңбырдан кейін табиғаттың өзі құлпырып сала берді. Бүршік жарған тал-теректер, қылтиып шығып келе жатқан көк шөп қалаға көктемгі көңіл-күй мен жылылықты алып келгендей. Ал алма ағаштарының бүр жарып гүлдеуі  тіршіліктің көзі көктемде екенін одан сайын айшықтай түсті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *