Алматыда қала тұрғындарының күшейтілген карантин режимін сақтаудың аралық талдауы қаралды

 

Ержан Бабақұмаров Алматыдағы халық көп шоғарланған орындарды атады және карантин режмін күшейтуді тапсырды

Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап қатаң шектеу шаралары қолға алынды. Атқарылған жұмыстарды талдау қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия төрағасы, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту бойынша жиналыс өткізді.

Жиынға Комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қ. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Ж.Бекшин, Полиция департаментінің басшылығы, сонымен бірге аудан әкімдері қатысты.
Комиссия төрағасы қала тұрғындарының үй карантинін сақтау және халық көп шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстарын күшейту, кәсіпкерлік субъектілерінің шектеу шараларын сақтауда бақылауды күшейту мәселелеріне назар аударды.
Күн сайын қалада күшейтілген эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шамамен 35 мобильді топ жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 1282 нысанға мониторинг жүргізілді, карантин режимі мен cанитарлық-эпидемиолгиялық талаптарды бұзудың 121 жағдайы анықталды. 63 нысан қызметтерін өз еріктерімен тоқтатқан. Сонымен бірге, мониторингтік топтармен қызметтеріне рұқсат етілген және бақылауға алынған нысандар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және бақылауға алынған, сонымен бірге, қала тұрғындарының шағым айту фактілері бойынша мониторинг жасалады.

Өздерінің үйлерінің аймақтарынан шығатын белсенді қала тұрғындарының саны азайған. Алайда талдау қаланың бірқатар шағын аудандарында халықтың көп шоғарлануының жоғары деңгейі сақталып отырғанын көрсеткен. Аудан әкімдеріне жергілікті полициямен, эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп қала тұрғындарының енгізілген шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету тапсырылды. Жекелей алғанда, түсіндіру жұмыстарын күшейту және халықпен кері байланыс орнату тасырылды. Адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *