АЛМАТЫДА ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҮШ ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАЛАП ӨЛТІРДІ

Алматының «Ақбұлақ» ықшам ауданында қаңғыбас иттер үш жасар қызды талап өлтірді, деп хабарлайды Вaq.kz қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған оқиға туралы хабар бүгін сағат 10:21-де Шұғыл басқару орталығына түскен болатын. Марқұм болған баланың атасы таңғы 10:20 шамасында үйде кішкентай немересінің далаға өз бетімен шығып кеткенін хабарлады. Қараусыз қалған үш жасар қызды көшеде жүрген қаңғыбас иттер талап өлтірді. Осының бәрі Аулатау аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Алдағы уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалатын болады. Процессуалды шешім тергеудің нәтижесі бойынша шығарылмақ.

Baq.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *