АЛМАТЫДА №92 БАҒЫТ АВТОБУСТАРЫ ЖАҢАРДЫ

Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы құрамы қала көшелеріне 19 қазанда шықты.

Барлық көліктер төмен еденді, сыйым­ды­лығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымал­дау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видео­бақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар.

Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, Алмалы және Әуезов аудан тұрғындары үшін ыңғайлы, соңғы аялдамасы болып «Халықаралық Алматы әуежайы» белгіленді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close