Алматыда 8 мыңнан астам азаматтар «Birgemiz» қорының 5-ші көмек толқыны аясында 50 мың теңге көлемінде бірреттік төлем алады

Олардың қатарына аз қамтылған отбасылар, атап айтқанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар, I топтағы мүгедектер, II топтағы мүгедек зейнеткерлер (жасына байланысты зейнеткерлер), мүгедек балаға күтім жасайтын адамдар тұлғалар, ең төменгі немесе одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектрі және оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері және тұл жетімдер кірді.

Алматыда аталған көмекті алушылардың басым бөлігін I топтағы мүгедектер, II топтағы мүгедек зейнеткерлер (жасы бойынша зейнеткерлер), дәлірек айтқанда 5209 адам, сондай-ақ ең төменгі немесе одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, шамамен 1 мың адам құрады.
Төлемдер екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғаның карточкалық немесе шотына немесе «Қазпошта» АҚ арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен жүзеге асырылады. Айта кету керек, материалдық көмекті аудару кезінде комиссия алынбайды, егер несиесі болған жағдайда, қаражат қарыз есебіне ұсталмайды.
Сондай-ақ, төлемдер бұрын көмек көрсетілмеген азаматтарға ғана түсетінін атап өту маңызды.
Жалпы пандемия басталғалы бері «Birgemiz» қорынан 50 мыңнан астам алматылық материалдық көмек алды.
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *