Алматыда 25 мамырда дәмханалар ашылады

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықовтың айтуынша 25 мамырдан бастап дәмхана, мейрамхана, ХҚО-ларды ашу жоспарланып отыр.

«18 мамырдан бастап туризм, ұялы байланыстың абоненттік бөлімдері, банк бөлімшелері, қаржы секторы толық ашылды. 25 мамырдан бастап карантин режимін босаңсыту аясында қаладағы барлық сауда үйлерін, сауда ойын-сауық орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Қалада осындай 140 нысан бар екен. Сонымен қатар, мейрамхана, дәмханалар да ашылады», — деді ол.

Мекемелерге келушілердің санына қатысты шектеу жоқ.

«Ең бастысы — санитарлық талаптар толық орындалуы тиіс. Үстелдердің арасы 2 метрден кем болмауы керек. Бір үстелге бір отбасының 4 адамы ғана отырғаны абзал. Қоғамдық тамақтану орындары 23:00-ге дейін ғана ашық тұрады. Бірақ банкет, той жасауға тыйым салынады»,- дейді ол.

Сондай-ақ, Алматыда осы уақытқа дейін санитарлық талаптарға сай келмеген соң жабық тұрған азық-түлік базарлары да ашылады.

«Бұл ашық типтегі базарларда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сенбі күні аудит болады. Одан бөлек қаладағы барлық қонақ үйлер, ХҚО ашылады», — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Аудит ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ғана жүргізіледі.

«Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда орындарына қатысты талаптарды жариялады. InfoAlmaty.kz сайтында бәрі жазылған», — деді Қанат Сағындықов.

Бірінші кезеңде сауда ойын-сауық орталықтарында бутиктер, мейрамханалар, химтазалау ашылады.

Екінші кезеңде — қоғамдық тамақтану орындары, яғни фудкорт, үшінші кезеңде — кинотеатрлар, ойын-сауық алаңдары ашылады.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close