Алматыда 22 көшеге жарық жүйесі орнатылады

• Қала әкімінің тапсырмасы орындалып жатыр

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық полиция департаменті криминогендік жерлердің картасын әзірледі. Бұл туралы қала әкімінің сайты хабарлады. Соның ішінде мүлдем жарықсыз қалған жерлер де бар екен. ПД-нің мәліметінше мегаполисте аса қауіпті 148 криминогендік учаске бар. Бұған 83 көше мен 65 аулада жарық жүйесінің болмауы себеп екен. 2019 жылдың соңына дейін 83-тің 22 көшесіне жарық орнатылады. Қалған 61 мекен-жай бойынша іске асыру мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілді.
Бүгінде Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аула аумақтарын жарықтандыру бойынша жұмысты бастап кетті. Жоспар бойынша 62 аулаға жарық жүйесі орнатылады.
23 тамыздағы жағдай бойынша Түрксіб ауданының 5 ауласында жарық орнату жұмыстары аяқталыпты. Соның ішінде Сейфуллин көшесі, 74, 57, Жұмабаев көшесі, 27, Физкультурная көшесі, 17, Орджоникидзе көшесі, 136 бар.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *