АЛМАТЫДА 19 МЫҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН 38 ЖАТАҚХАНА САЛЫНАДЫ

Мәншүк БЕКБОСЫН

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­­тың бес әлеуметтік бастамасындағы басым бағыттардың бірі – жас ұрпақтың сапалы білім алуына көңіл бөлу. Маңызды құжатта жоғары білімнің қолжетімділігі мен білім сапасын арттыру жөніндегі әлеуметтік бастамалар адами капиталды арттыруға ықпал етіп, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға септігін тигізері туралы сөз етілген. Бүгінде жоға­ры оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр. Осы ретте көптеген жоғары оқу орындарында жаңа жатақханалар салу мәселесі қарқын алуда.

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалында қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары жиналып, жатақхана құрылысының жайын талқылады.

Алматы қаласында орналасқан 39 жоғары оқу орнында шамамен 160 мыңға жуық студент оқиды. Оның тең жартысынан астамы — өзге өңірлерден келген жастар. Осы жастар­дың жатақханамен қамтамасыз етілуіне Елба­сының «Бес әлеуметтік бастамасы» тың серпін беріп отыр. Алдағы үш жылда Алматыда 19 мың студентке арналған 38 жатақхана салы­натын болады. Жергілікті билік кейбір универ­си­теттерге жер телімдерін бөліп, құрылыс алаң­дары­на жылу, су, электр энергиясы секіл­ді инженерлік желілерді тартуға көмегін беру­де.

–     2020 жылдың бірінші тоқсанында Қонаев атындағы академияның жатақханасын аяқтау жоспарланып отыр. Жатақхананың құрылысына жалпы көлемі 12 га. 22 жер учаскесі бөлінді. Қосымша мемлекеттік қордан көлемі 4,5 мың гектар 8 жер учаскесі бөлінді, – деді Қоғам­дық даму басқармасы басшысының орынба­сары Р.Оралұлы.

–          Қазіргі таңда жоғары білім беру сапасын көтеру — аса маңызды мақсат. Халықаралық дең­гейге жету үшін студенттерімізге бар жағдай­ды жасауымыз қажет. Тек жатақханалар ғана емес, университеттердің инфрақұрылымын дамы­ту керек. Алда тағы жатақханалардың бой көтеру жайын қарастырып, Елбасы бағдарла­ма­сының жүзеге асуына күш саламыз, – деп қорытындылады сөзін Ринат Оралұлы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *