АЛМАТЫДА 148 ҮЙДЕГІ 300-ГЕ ЖУЫҚ ЛИФТ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының     2-бабының 24-тармақшасына сәйкес ортақ мүлік жеке (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа кондоминиум объектілерінің бір бөлігі болып табылады (кіреберістер, баспалдақ, лифт, шатыр, жертөлелер, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, абаттандыру элементтері мен ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда жер учаскесі).

Сәйкесінше, үй-жайлардың (пәтерлердің) иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Сонымен қатар, VІ сайланған Алматы қаласы мәсли­ха­тының ХХІ сессиясының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі №151 шешімімен бекітілген Тұрғын үй қорын ұстау ережелерінің 100-тармағының 2) тармақшасына сәйкес лифт тұрғын ғимараттың инженерлік құрылғысы болып табылады, оны күтіп-ұстауға кететін шығыстарға тұрғын үйдің барлық тұрғындары қатысуы тиіс.

Соңғы 3 жылда Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде (әрі қарай Бағдарлама) ауыстыруды талап ететін 25 жылдан және одан да жоғары қызмет еткен ескі лифтілерді ауыстыруды іске асырады. Осы жылдар ішінде 315 үйде 630 лифт ауыстырылды.  Соның ішінде тек өткен жылы 132 үйде 266 лифт жаңар­тылды. Биылғы жылы 148 үйдің 300-ге жуық лифтін жаңарту жұмыстары жүруде.

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы (әрі қарай Басқарма) соңғы жылы 1522 лифтіні тексеруден (101 басқару органы) өткізді. Нәтижесінде 41 басқару органы мен 3 лауазымды тұлғаға лифтілерді пайдалану ережелерін сақтамауына байланысты айыппұл салынды.

Негізгі бұзушылықтардың бірі – пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан лифт жабдығының толық техникалық сарап­тамасының болмауы. Қаланың бірнеше ауданда­рында тұрғындармен жиналыс өткізіліп, онда Басқарма мамандары қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді одан әрі пайдаланудың қауіптілігін түсіндірді.

Бағдарлама шеңберінде кондоминиум меншігіне кіретін лифт жабдықтарын ауыстыру жүзеге асырылады. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен пайдалану мерзімін өткерген лифтілерді ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Көп пәтерлі тұрғын үйдегі лифтілерді ауыстыру үшін негізгі фактор­лардың бірі үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің лифтілерді ауыстыруға  келісімдерінің болуы болып табылады.

 

Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы Лифт, қазандық және

 газ жабдықтарын бақылау бөлімі.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *