Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

«Мегаполисте 10 мыңнан астам адам қауіпті індетке тексерілді. Соның ішінде 93 жағдай расталды. Ал аурудың патогенді агрессивті түрі осы сырқатқа шалдыққан 7 науқаста анықталды. Бұл науқастармен жақын қарым-қатынаста 109 адам болған. Ары қарай бұл 109 адам шамамен 539 жанмен араласқан», – деп атап өтті спикер.

Ауырғандардың басым бөлігі мына рейстермен ұшып келген. Атап айтқанда, Мәскеу – 33%, Ыстамбұл – 25%, Берлин – 16%, Санкт-Петербург –13%, Минск – 13%.

«Жас шамасына қарай алатын болсақ, індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар. Екінші орында 30-39 жас және үшінші, төртінші орында 40-49 жас және тиісінше 50-59 жас та бар. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3 жағдай, 15-19 жас аралығындағы балалар арасында 4 жағдай тіркелген. 60 жастан асқан, яғни осал топтағылардың арасында 7 жағдай тіркелді», – деді А.Молдағасымова.

Брифингті қорытындылаған қаланың Бас санитарлық дәрігері мегаполисте тестілер, реагенттер, барлық қажетті аппараттар мен тексеру жүргізетін құралдар жеткілікті мөлшерде екенін айтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *