АЛМАТЫДА 1,3 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ

Әлеуметтік қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша жиын өткізді. Басқосуда әлеуметтік мәселелер —жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеру, ұжымдық келісім-шарт жасау туралы айтылды. әлеуметтік жағынан аз қамтыл­ған 1,3 мың маманға жаңадан тұрақ­ты жұмыс орны құрылатыны ай­тылды. Бұл –  мүмкіндіктері шектеулі адамдар, зейнетке дейінгі жастағы тұлғалар және жастарға арналған жұмыс. Бұлардың барлығы жастар тәжірибе­сінен өткен, қалалық Жұ­мыс­пен қамту орталығына жүгін­геннен кейін қоғамдық және әлеу­меттік жұмысқа тартылды. Оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бірқатар ұйымдар тұрақты жұмыс орындарын құрады.

Жалпы, жыл сайын қысқа мер­зімді курстардан 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін қабылданады. Оқыту 50 мамандық бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, «Шаштараз ісі», «Тігін ісі» және т.б. Мамандық ерекшелік­теріне негізделген, курстың ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін созылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *