АЛМАТЫ БАҒДАРШАМДАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

оларға арнайы бағдарламалық құрылғылар мен датчиктер қосылады

Алматыда қолданыстағы бағдаршам­дарды жаңғырту жоспарлануда, деп хабар­лады  Zakon.kz  сайты  Алматы қалалық  мобильді­лік басқармасына сілтеме жасап.  Арнайы бағ­дарламалық құрылғы мен хабарлауыштар (датчиктер)  бағдаршам­дарға   жолдағы жағдайға бейімделуге мүмкіндік береді. Олар  қоғамдық  көлікке, арнайы техникаға, үлкен қозғалыс ағынына басымдық беріп, қажет болған жағдайда,  жол қозғалысында «жасыл дәлізді»  қамтамасыз  ететін  болады.

«Ақылды» бағдаршамдар қозғалысты өз бетінше реттей алады, яғни жолдағы кептелістер санын айтарлықтай төмендетіп, апатты жағдайлардың алдын алады.

Қазір  шаһардағы қолданыстағы  424 бағ­даршам нысандарының 93-і 2020 жыл­дың ортасына дейін жаңғыртылады деп жос­парлануда. Қалған құрылғылар 2022  жылға дейін, екінші кезеңде  қайта жабдықталатын болады. Бұл ретте олардың сыртқы түрі өзгермейді.

Бағдаршамдарды жаңғырту Vіsіon Zero Almaty тұжырымдамасы бойынша іс-қимыл жоспарының бір бөлігі және барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *