Алматы автопаркі жаңа эвакуаторлармен толықты

Серік ЖҰМАБАЙ

 

Алматы қаласының әкімі Бауыр­жан Байбек жұмыс сапары бары­сында қаланың құтқару қызметінің автопаркін толық­тырған «Ssang Young» маркілі жаңа маневрлі эвакуаторларды көрді. Барлығы 10 арнайы машина алынған, бұлар Евро-6 эколо­гиялық сыныпқа сай. Бұрындары Құтқару қызметінің балансында «Камаз» және «Маз­дарға» көлікті толық тиейтін 20 эвакуаторлар болған еді.

Арнайы техниканың өзіндік ерек­шеліктері бар. Олар түрлі бағытқа ыңғайлы, жанар майды аз жұмсайды, аулаларда, тар көшелерде, көпір астында жұмыс істей береді. Эвакуатор 90 градустық бұрышта көлік тиейді және оған небәрі 2 минут кетеді.

Бұл арнайы техника  аулаларда өрт болғанда көлікті эвакуациялау уақытын қысқартуға, апатты көліктерді магист­ральді көшелерден, қар тазарту кезінде қалған автомобильдерді тез арада алып кетуге, тұраққа дұрыс қойылмаған  көлікті тиеу жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. ІІД-нің ӘПБ-мен бірге  жедел-профилактикалық шара­ларды барынша тығыз байланыста жүр­гізеді.  Айта кетерлігі, өткен жылы қала бюджеті есебінен ІІД үшін 34 эвакуатор алынды.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қаладағы салынып жатқан нысандарды да аралады. Мегаполис басшысы түрлі дәрежедегі қонақүй­лерді салу Алматының туристік әлеуетін арттырудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Мысалы, Алмалы ауданында 112 нөмірлі «Double Tree by Hіlton»  қонақ үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Он қабатты нысан Досмұхамедов көшесінің бойында, құрылысты жүргізуші нысан мен оған  жақын орналасқан үйлердің айналасы мен аулаларын абаттан­дырады. Өз кезегінде Медеу ауданында жалпы алаңы 12 мың шаршы метр, сыйымдылығы 150 нөмір болатын «Novotel» қонақ үйі  іске қосылады. Соның арқасында 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы, қаланың қонақүй қоры 8,5 мыңнан астам нөмірді құрай­ды, өткен жылы көрсетілген қызмет көлемі 16,3%-ға артты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *