Алматы ауасын бақылайтын құралдар жетіспейді

Құттыбек АЙМАХАН

 

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, Алматы қаласының экологиялық жағдайы өткен жылғы көрсетіштен көп өзгере қоймаған. Дегенмен, олардың мәліметіне сүйенсек, қаланың экологиялық жағдайы жақсара бастаған екен.

 Жалпы, қазіргі таңда Алматы ауасының жағдайы 16 бекет арқылы тексеріліп отырады. Осы орайда жақында өткен экологиялық тақырыпқа арналған «Дөңгелек үстел» басындағы отырыста «Қазгидро­мет» мекемесіне шаһардағы атмосфералық ауа жағдайын тексеру үшін құралдардың жетпейтіні сөз болды. Атап айтқанда, «Қазгидрометтің» Экология­лық мониторинг басқармасының басшысы Дария Аманбаева «Алматы ауасының тазалығы 16 бекет арқылы тексеріледі. Бұл ретте қазір қаланың сапалы атмосфералық ауамен қамтамасыз етілуі 80 пайызды құрайды. Ал оны толық тексеру үшін әлі қосымша бес бекет керек. Осы ретте 2017 жылы шектеулі рұқсат етілген зиянды қалдықтардың шоғырлану деңгейі жоғарғыдан көтеріңкі деңгейге дейін төмендеген» деген болатын.

Бірақ осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары соңғы жылдары қаладағы ауаның ластану көрсеткіші еш өзгерген жоқ дегенді айтады. Әрине, қала ауасы қандай жағдайда екенін «Көктөбеге» шыққандар жақсы біледі. Өйткені, жоғарыдан қарағанда төмендегі қала көк түтінге көміліп тұрғандай әсер береді. Оған, әрине, қаладағы күн сайын көбейіп жатқан автокөліктер мен әлі де жеткілікті деңгейде көгілдір отынға көшпеген ЖЭО-ы себепкер екендігі айтылды. Бұл ретте қалада жиі тұратын жел мен ара-тұра жауып қоятын жауын-шашын шаһар тынысын ашып қоятыны белгілі. Сондықтан да қала ауасының жәй-күйін бақылап отыратын арнайы құралдардың қажеттілігі басы ашық мәселе болып отыр.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *