Алматы «алыптар спортында» алда келеді

«Легион» үшін петропавлдық «Барспен» матч өте маңызды, өйт­кені оларды ұтқан жағдайда алма­тылық команданың бірінші орынды нығайтуға мүмкіндіктері болар еді. Ал «Барс» үздік төрттікке іліну үшін бәстесуде, оларға да бұл матчта жеңіс өте қажет. Матчтың нәтижелеріне көшпей тұрып айта кетер жәйт, осы маусымда тек петропавлдықтар ғана алматылық­тардан басым түскен, бұл матч Алматыда өткен болатын.

Алғаш доп қарсыластар тара­пынан салынғанымен, олардың бірін­шілігі ұзаққа созылған жоқ. Алматылықтар басымдық танытып, алға ұмтылды. «Барс» есепті теңес­тіруге тырысқанымен, ештеңе шық­пады. Алматылық ұжым бұған дейінгі қателіктерін ескере оты­рып, ойынның бірінші жартысы­нан-ақ жеңіске жету үшін барлы­ғын жасады. Он минуттың нәти­жесі бойынша Олег Киселев шәкірттері  қарсыластарын 32:16  есеппен жеңді. Екінші кезеңде қарсыластардың  алматылық бас­кетболшыларды жеңуге мүмкін­дік­тері  қалған жоқ, үміттері де үзілді. Осылайша ойынның бірінші жартысы «Легион» командасының пайдасына 57:35 есебімен аяқталды. Үшінші кезеңде қарсыластар ұпай айырмасын қысқартуға тырысты, бірақ «Легион» да өз жауабын қайтарды. Петропавлдықтар біраз доп соғып, ұпай қосқанымен, алматылықтар өз басымдығын сенімді ұстап отырды. Отыз минут­тан соң нәтиже келесідей болды – 55:81. Соңғы кезең ерекше бір нәтижелермен есте қалған жоқ, екі команда 13 ұпай, 7 «Барс» және 6 «Алматылық Легион». Осылайша  ойын 87:62 алматылық  баскет­болшылардың жеңісімен өз мәре­сіне жетті.

«Алматылық Легион» сапынан үздік ойыншы атанғандар: Руслан Айтқали (дабл-дабл – 15 ұпай), Вадим Фабрикантов (15 ұпай), Всеволод Фадейкин (13 ұпай), Андрей Литвиненко және Вячеслав Рагуев (11 ұпайдан).

Чемпионаттың  қорытындысы бойынша «Алматылық Легион»  көш басында. Ал тұрақты чем­пионаттың чемпионы өз алаңында плей-офф ойындарын өткізуге құқығы бар. Осыған орай, сәуірдің 14-і мен 20-ы аралығында баскет­болдан финалдық кезең  Алматыда өтеді.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қаласы ДШжС басқармасы баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *