Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің және Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Қанат Даниярұлы Таймерденов тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Қ.Д.Таймерденов 1976 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1995 жылдан істейді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2012-2017 жылдары Алматы қаласы Полиция департаментінің бірінші орынбасары болды. Осыдан кейін Маңғыстау облысының Полиция департаментіне басшылық етті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *