«Алматы қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі бос тұрған лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсты өткізу орны: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 189. Пошталық индекс 050059. Анықтама телефондары: 8-(727)-265-05-15, 265-04-41, эл. мекен-жай 7272382@prokuror.kz:

 

  1. Алата ауданы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын)
  2. Бостандық ауданы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын)
  3. Жетісу ауданы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын)

4.Түрксіб ауданы прокуратурасының прокуроры C-RGP-5 (1 бос орын)

 

Функционалдық міндеттері: қылмыстық қудалаудың, үкімдердің орындалуының, атқарушылық өндірісінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істері бойынша соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету, қоғамдық мүдделерді қорғау. Негізгі міндеттерінен бөлек, прокуратура органдары жүйесінің барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын функцияларды орындау.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 76274 тенге).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары құқықтану (заңтану); денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурстың соңғы жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күндері ішінде төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 189. Анықтама телефондары: 8-(727)-265-05-15, 265-04-41. эл. мекен-жай 7272382@prokuror.kz

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгілі нысанаға сәйкес өтініш;

2) белгілі нысанаға сәйкес сауалнама;

3) белгілі нысанға сәйкес (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, белгілі нысанаға сәйкес толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close