АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ

(2019 жылдың қорытындысы)

2019 жылы 47 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды

Алматыда 2019 жылдың басынан бері 47 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Соның ішінде кәсіпкерлік субъектілері бойынша 35 мыңнан астам, мемлекеттік бағдармалар аясында 12 мың жұмыс орындары ашылды.

Қала әкімдігінің мәліметі бойын­ша, өңірлік институттарды оңтайлан­дыру есебінен ШОБ берілетін несиелер көлемдерін төмендетуге бағытталған «Almaty Fіnance» және «Almaty» микроқаржылық ұйымдары құрылды. Аталған шаралар жұмыс жасайтын ШОБ субъектілерінің қатарын 9 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Яғни олардың саны 190,2 мыңға жетті. Қала экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 41 пайызға дейін өсті, ал шығарылған өнім Қазақстанда шығарылатын барлық өнім көлемінің төрттен бірінен астамын құрады.

 

Жарық жүйесі болмаған 320-дан астам көше жарықтандырылды

2019 жылы қала бюджеті 100 пайыз игерілді. Өткен жылы 587 шақырым инженерлік желілер салын­ды. Бұған 287 шақырым бола­тын кәріз құбырлары, 150 шақырым­дық электр, 20 шақырым болатын жылу және 130 шақырым газ желілері кіреді. 73 шақырымға жететін  жол құры­лысы аяқталды. 47 шақырымға жететін арық жүйесі қайта жөндеуден өтті. Мем­лекеттік бюджет аясында шама­мен 300 мың тұрғынды қамтыған 670-тен астам аула абаттандырылды. 2,1 млн. шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұрын жарығы болмаған 320-дан астам көшені жарықтандыру бойын­ша жұмыстар жүргізілді. Нәти­жесінде 8,4 мың жаңа жарық нүкте­лері орнатылды.

 

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 284 отбасы баспаналы болды

2019 жылдың 30 сәуірінен бастап аз қамтылған отбасылар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы жұмыс істейді.

Бүгінде осы бағдарламаның арқа­сында 284 отбасы тұрғын үй серти­фикатын алып, жеңілдетілген шарт бойынша жылына 2% мөлшерлемемен Алматыдан үй алды.

Айта кетерлігі, 2019 жылдың тамызынан бастап қаланың барлық аудандарында «Бақытты отбасы» орталықтары ашылды. Бұл жерде әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын «Іsker Ana» бағдарламасы жүзеге асуда. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, «Іsker Ana» бағдар­ламасы арқылы 1,2 мыңнан астам отбасыға бизнестерін ашуға қолдау көрсетілді. 3,7 мыңнан астам аз қам­тылған отбасыға жалпы сомасы 126,9 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек берілді.

 

Мүмкіндігі шектеулі 19 мың адам оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді

Алматы қаласының әкімдігі тұр­ғындардың тұрмыс жағдайын жақ­сар­туға ерекше назар аударады. Әсі­ресе, көпбалалы аналар мен мүм­кін­дігі шектеулі жандарға тұрақты көмек көрсетіледі. 2019 жылы мүмкін­дігі шек­теулі 19 мыңнан астам адам оңал­тудың техникалық жабдықтары­мен қамтамасыз етілсе, шамамен 7 мың адам әлеуметтік қолдауға ие болды. Протездік-ортопедиялық, санато­риялық-курорттық сауықтыру сынды көмектер көрсетілді. Жеке көмек­шінің, «инватаксидің», ым-ишара арқылы сөйлесетін маманның қызмет­тері пайдаланылды.

 

Алматыда 12,7 мың отбасы АӘК алды

2018 жылдың қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) енгізілді. Бұл – аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету тетіктері. Алматы әкімдігі 2019 жылы 12,7 мың отбасыға 7,1 млрд. теңге көлемінде АӘК көрсетті. Бұдан өзге, аз қам­тылған және көпбалалы отбасылар­дағы 22 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Соны­мен қатар, аз қамтылған азаматтарға егер отбасының жиынтық табысының шығыны 10 пайыздан асатын болса, онда белгіленген нормативтер аясында тұрғын үй-коммуналдық шығындарын төлеуге көмек көрсетіледі.

 

Жұмыс істейтін жастарға 1055 пәтер берілді

Жастар жылы аясында 2019 жылы республикалық бюджет есебінен  жұмыс істейтін жастарға 1055 пәтер берілген болатын. Ағымдағы жылы оларға тағы 1050 пәтер бөлінбек. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тағы 1 мыңнан астам пәтер­мен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлінді.

Еске салсақ, 2018 жылдың қазан айында Үкіметке жұмыс істейтін жастар үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кем дегенде бір мыңдай пәтер салу және үймен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілген болатын.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *