Алматы қаласының әкімі Қазақстандағы ресей елшісімен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Ресей Феде­ра­циясының Төтенше және өкі­летті елшісі Алексей Бородавкин­мен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық мәселелерді талқылады.

Ресей Қазақстанның тұрақты экономикалық серіктесі болып табылады. Алматы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы тұрақты өсуде, соңғы жылдағы көрсеткіш 22 пайызға артқан. Алматы әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан мэриялары бірнеше бағыт­тар бойынша ынтымақтасып, жұмыс істеуде.

Қалада ресейлік капиталмен  2 мыңнан астам кәсіпорын сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп және басқа салаларда жұмыс істейді. Қазіргі кезде Индустриалды аймақта кабель өткізгіш өнімдер  шығаратын  ресейлік «KMK Іnvestment» зауыты  салынуда.

Кездесу барысында Ресей Федерациясының елшісі екі ел Президенттері  мен екі ел халық­тары арасында  өзара сенім мен достық қатынастың қалыптасқандығын атап өтті.

«Бүгінгі күні ЕАЭС аясында біріккен ауқымды жобалар жүзеге асуда. Сонымен қатар, екі жақты туризмді дамытуда, білім бағдар­ламаларының аясын кеңейтуде өзара үндестік кең қанат жаюда. Орта Азиядағы ең ірі қала ретінде Алматы  түрлі халықаралық форумдарды, конференциялар мен фестивальдерді өткізуде. Бұларға Ресей делегациясы белсенді қатыс­ты. Жақын күндері ғана ОДКБ  Сыртқы  істер  министрлерінің саммиті, Еуразиялық медиафорум өтті. Осының барлығы мәдени және  іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті Алексей Бородавкин.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *