КОРОНАВИРУС ОШАҚТАРЫНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бүгін Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 29 жағдай тіркелді. Оның ішінде екі бала бар. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылды, жағдайлары – қанағаттанарлық, екі науқастың жағдайы орташа дәрежеде ауыр, нашарлаған жоқ.
Қаланың провизорлық госпитальдарында 672 адам, карантинде – 598, үй карантинінде 1549 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты деңгейде, катаральды құбылыстар жоқ.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша коронавирустық инфекция тіркелген барлық ошақтарда коронавирустың одан әрі таралуын алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Медицина қызметкерлері ошақтың аймағында орналасқан барлық тұлғалардың жағдайына мониторинг жүргізуде.
Бүгінгі күні Алматының 15 аумағында коронавирустық инфекция ошағы бар.
Алатау ауданындағы 2 жұқтыру ошағы Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой к-сі, 234 үй, Ақкент ықш., 7-де орналасқан.
Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ. Яғни Желтоқсан көшесі, 125; Байтұрсынов көшесі, 78/1; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан.
Медеу ауданында инфекцияның 3 ошағы тіркеліп отыр. Олар Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75.
Жетісу ауданында – 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.
Түрксіб ауданында 4 ошақ тіркелді. Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63.
Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.
Өз кезегінде қаланың әрбір тұрғыны қаладағы жағдайға түсіністікпен қарап, жауапкершілік танытқан кезде індет жұқтырушы тұлғаларды тез анықтап, жедел түрде оқшаулауға мүмкіндік бар.
Клиникалық симптомдар пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ әрі ұзақ жөтел, әлсіздік) учаскелік дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру керек немесе жедел медициналық жәрдем дәрігерін шақырған абзал.
Өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігердің тағайындаған дәрілерін қабылдау  керек. Мынандай алдын алу шараларын сақтау қажет:
– үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;
– күн сайын үйді жуып, тазалау;
– қолды сабынмен жиі жуу;
– жеке ыдыс, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т.б.) пайдалану.
Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған азаматтар тұрғылықты мекенінде немесе жұмыс орнында вирус жұқтырушымен соңғы кездескен уақыттан бастап инкубациялық кезең бойына (14 күн) өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтау (үй карантині, сыртқа шығуға тыйым салынады) қажет.
Сұрақтар бойынша 1406 және Open Almaty 1308 нөмірлері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласыңыз. Катаралды белгілері бар адамдар анықталған жағдайда дереу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін 382-33-50 нөміріне хабарлау керек.
Ресми ақпараттарды Алматы қаласы әкімдігінің сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат жедел түрде Telegram арнасындағы stopcov Almaty және Darmen мобильді қосымшасына салынады.
Әсел ДАҒЖАН.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *