АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

Өтетін уақыты: 9–18 қыр­күйек, 2019 жыл.

Өтетін орны: «Оқушылар сарайы» (Достық даңғылы, 124).

Басталуы: сағат 10.00.

«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндет­терді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Байқаудың мақсаты – өске­лең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспен­шілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намыс­шылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу.

Байқау республика бойынша 6–10 сынып оқушыларының ара­сында өтеді. Байқау аясында қатысушылар 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтудан сайысқа түседі. Қазылар алқасы жас жыр­шыны кез-келген сәтте тоқтат­қанда, келесі қатысушы жырды әрі қарай жалғастыра жөнелуге дайын болуы керек. Сонымен қатар, қатысушылар жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздер­дің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Байқауға қатысуға Алматы қаласы бойынша 106 мектептен жалпы саны 1101 оқушы мен 553 мұғалім тіркелді.

Алматы қаласы бойынша байқаудың аудандық іріктеу кезеңдері қыркүйек айының 9–18 аралығында өтеді.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

1-ші кезең аудандық;

2-ші кезең қалалық.

Оқушыларға арналған жүлде қоры:

Аудандық кезеңде: 1-орынға 150 000 теңге (немесе бағалы сыйлық), 2-орынға 100 000 теңге (немесе бағалы сыйлық), 3-орынға 50 000 теңге (немесе бағалы сыйлық) беріледі.

Қалалық кезеңде: 1-орын үшін 1 000 000 теңге, 2-орын үшін 600 000 теңге, 3-орын үшін 300 000 теңге көлемінде қаржылай сый­ақы беріледі.

Жеңімпаз оқушылардың мұға­лімдеріне арналған жүлде қоры:

Аудандық кезең жеңімпаз­дарының ұстаздары арнайы дипломмен марапат­талады.

Қалалық кезең: 1-орын алған оқушы­ның ұстазына кемі 2 000 000 теңге,  2-орынға кемі 1 200 000 теңге, 3-орынға кемі 600 000 теңге беріледі.

Ұйымдастыру комитеті – «Qazaq Epos» қоғамдық қоры. Жобаға қолдау көрсеткен – Ал­маты қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы, «Qazaqstan» ұлттық арнасы.

Қазіргі таңда «Qazaq Epos» ұлттық жобасы  «Тұлпар мініп, ту алған!» бай­қауы­ның аясында рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық бірлікті нығайту және байқауға қатысушыларды қолдау мақса­тында «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқудың отбасы­лық эстафетасы жүріп жатыр. Эстафетаны «Qazaqstan РТРК» АҚ Басқарма төрағасының Бірін­ші орынба­сары Құрманбек Жұ­ма­ғалидің отбасы алғашқы болып бастап, қоғам қайраткері Нұрлан Өтешев пен әнші-композитор Медет Салықовтың отбасыларына жолда­ды. «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын қолдау мақса­тындағы отбасылық эстафета еліміздің үлгілі шаңырақтарында әлі де жалғасып келеді. Түсірілген видеолар тұрақты түрде «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, ресми сайтында жүкте­ліп отыр.

«Qazaq epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: +7 775 235 7158, +7 707 461 7622.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *