АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

70Бүгін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыр­уы­мен Алматы қаласындағы Балуан Шолақ  атындағы спорт кешенінде республикалық Мәуліт мерекесі өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайты. 

Рухани кеш қасиетті Құран оқумен басталды. Алғашқы сөзді Қазақстан мұсылмандары Діни бас­қар­масының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы алып, барша мұсылман жұртшы­лығын Мәуліт мерекесімен құт­тықтай келе, Мәулітті атап өтудің маңыз­дылығын толғанысқа толы оймен жеткізді.

Бас мүфти рухани кеште «Бар­ша мұсылман жамағаты Алла Елші­сінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) туған күніне орай әр жыл­дың рабиғул-аууали айының 12-жұлдызы күні Мәуліт мерекесін той­лайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туын­дағаны белгілі. Ұйымдастырып отыр­ған рухани кеші­міздің басты мақ­саты — Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан танып, ұрпағы­мызға үлгі ете білу», — деді.

Рухани кеште елге танымал ән­шілер ғибратты жыр-термелер орын­дап, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетілді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед­тің (Алла­ның оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтылып, бейнероликтер халық назарына ұсы­нылды. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шара – пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алла­ның оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар оқы­лып, сәлемдер айтыл­ды.

Кеш соңында мұқтаж жандарға билеттен түскен қаржы есебінен қайы­­рымдылық көмек көрсетілді.

И.ХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *