Алматы қаласы мәслихатының депутаттығынан үміткер Шілікбаев Асхат Қашқынбайұлының Жетісу ауданының №25 округі бойынша сайлау алдындағы бағдарламасы

Құрметті жерлестерім!

Мен «Нұр Отан» партиясы бойынша мыңдаған серіктесіммен өзіміздің күн сайынғы қажырлы еңбегіміз арқылы қаламызды одан әрі әсем, өмір сүруге, жұмыс істеуге және демалуға ыңғайлы жасауға мүмкіндік бар екендігімен мақтанамын.

Алматы қаласында мен еңбек еткен аралықта, біздің екі мың адамнан құралған ұжыммен және партия мүшелерімен иық тіресе отырып, көптеген мәселе шешімін тапты, нәтижесінде Жетісу ауданы қаладағы үздік аудандардың біріне айналды.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына мені «Нұр Отан» партиясынан үміткер ретінде ұсынуды маған деген үлкен сенім деп санаймын. Мен қалалық мәслихат депутаты мандатына ие болған жағдайда қала тұрғындарының, біздің ауданымыздың құқығы мен мүддесін қорғауға тырысамын.

Менің сайлау алдындағы бағдарламам төмендегі мәселелерге негізделген:

  1. Білім беру жүйесін дамыту:

– білім беру мәселелерінде, балабақшалар мен мектептер құрылысының бағдарламаларын дамытуға одан әрі қолдау көрсету;

– бюджеттен және демеушілерден бөлінген қаражат есебінен балалар және жасөспірімдерге арналған жаңа дамыту орталықтарын, спорт, музыка және өнер мектептерін ашу және жұмыс істеп тұрған орталықтарды қолдау.

  1. Әлеуметтік бағдарлама:

– халықтың аз қамтылған топтарына, зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыру.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі:

– аула аумақтарын абаттандыру, жолдарды салу және күрделі жөңдеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– бюджеттен бөлінген қаражат есебінен ескі үйлерді, шатырларды, жабын­дарды жөндеу, осы баптар бойынша бюджеттік шығыстарды максималды көбейту.

  1. Қауіпсіз қала. Қауіпсіз аудан:

–  қауіпсіз болу үшін ауданымыздағы қылмыс деңгейін қысқарту;

–  бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерін дамыту.

Әрине, осы кезге дейін түйінді мәселелер шешімін тауып келеді. Бірақ шешімін күткен мәселелер де аз емес. Сондықтан мен өздеріңізбен бірлесе отырып, біздің қаланың одан әрі дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Қаланың дамуы дегенде оның әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуін қамтамасыз ету, «Алматы – 2020 даму бағдарламасына» лайықты үлес қосу, өнеркәсіпті, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мектепке дейінгі және орта білім беру сапасын, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, ауаны ластанудан қорғау және қаланы көгалдандыру сынды өзекті тақырыптарға атсалысу.

Мен, өзімнің әкем мен анам тәрбиелегендей, адамдық және азаматтық борышымды әрдайым мақтанышпен атқарамын. Біздің еліміздің, біздің Елбасымыздың, біздің «Нұр Отан» партиясының игілігі үшін жұмыс істеймін, оның барлығын біздің балаларымыздың жер бетіндегі ең қауіпсіз, ең әдемі және ең жақсы қалада өмір сүруі үшін жасаймын.

БІЗ БАРЛЫҒЫН БІРГЕ ЖАСАЙ АЛАМЫЗ!

 

Құрметпен,

Алматы қалалық мәслихаты депутаттығынан үміткер

 А.Шілікбаев.

 

Шілікбаев Асхат Қашқынбайұлы

1962 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

1985 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «Машина жасауды ұйымдастыру және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын «Қазақ КСР Мемагропромының Іле ауыл шаруашылығы аралық техникасы» ауданаралық жөндеу-қызмет көрсету кәсіпорнының инженері болып бастады, кейін «Қалалық құрылыс басқармасы» РҚБ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2006 жылы «АлматыДорСтрой компаниясы» ЖШС бас инженері лауазымында қызмет етіп, осы жылы бас директор қызметіне тағайындалды.

2012 жылы «Алматыинжстрой» АҚ бас директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

2014 жылы «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры болып тағайындалды.

Үйленген. Екі ұл бала тәрбиеледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close