Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Марат Сембеков Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол еңбек жо­лын 2001 жылы Қа­зақ­стан Рес­пуб­­ликасының Әділет министр­лігінде бастаған. Әр жылдары Эко­номика және бюд­жеттік жос­парлау министр­лігінде, Премьер-Ми­нистрдің Кең­се­сінде, респуб­ли­калық бюд­жет­тің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде жұмыс істеген. 2010–2015 жылдар аралығында Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшы­сының орынбасары болды.  2015 жылдан қазірге дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Марат Сембеков қала әкімінің орын­басары лауазымында кіші және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту, тұр­ғын үй саясаты, Алматының энерго­тиімділігі  және инфрақұрылымдық дамуы мәселелеріне басшылық жасайды.

Өз кезегінде, бұған дейін қала әкі­мінің орынбасары болған Алмас Мәдиев директорлар кеңесінің ше­шімімен «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік кор­порациясы басқарма­сының төрағасы болып тағайындалды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *