Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің мәлімдемесі

Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі әлеуметтік желілерде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев туралы фейк аккаунттар әлі де шығып жатқа­нын, оларда жарияланған кез-келген ақпарат Алматы қаласы әкімінің ресми ұстанымын білдірмейтінін хабарлады.

Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді қолданушыларды Алматы қаласы әкімінің Twіtter, Facebook және Іnstagram әлеуметтік желілеріндегі Алматы қаласы әкімінің тек ресми аккаунтындағы ақпаратты пайдалану қажеттігі  ескертілді.

Қазіргі кезде қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі Twіtter, Facebook және Іnstagram сервистерінің әкімгерлерінен әкім аккаунттарының ресми верифика­циясын алу бойынша жұмыс жүргізуде.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *