Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №3/447 қаулысы

Алматы қаласының Әділет департаментінде

2019 жылдың  9 шілдесінде тіркелген, №1571

 

Алматы қаласының су объектілерінде және су  шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Сембековке жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Б.САҒЫНТАЕВ.

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2019 жылғы 9   шілдедегі

№3/447  қаулысына қосымша

Алматы қаласының су объектілерінде және су  шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және  спортқа арналған орындар

№        Су объектісінің атаулары               Тұрғындардың                        Орналасқан жерлері

р/с                                                                       жаппай демалу

                                                                           орындары

 

  1. Д.Қонаев атындағы ҮАК жағажай                                    Баум тоғайы

 

  1. Д.Қонаев атындағы ҮАК жағажай                                    Гүлдер демалыс аймағы

 

  1. Сайран көлі жағажай                                    Төле би көшесінен оңтүстік

(Алмалы ауданы)                                                                                    бағытта 200 метр жерде

 

  1. Сайран көлі жағажай                                    Төле би көшесінен пирске

(Әуезов ауданы)                                                                                     дейін оңтүстік бағытта

300 метр жерде

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *