Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №2/200-1239 қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 4/452-2970

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына сәйкес және Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының 2019 жылғы 19 наурызда № 04.1-29/и-325 хатына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 4/452-2970 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын, осы қаулының қосымшасына сәйкес:

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Әзірбаевқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек.

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы «8» мамырдағы

№ 2/200-1239 қаулысына қосымша

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

№    Жер учаскесінің меншік иесінің        Кадастрлық        Жер учаскесінің   Жер учаскесінің

р/н   (жер пайдаланушының) тегі, аты,    нөмірі                  орналасқан жері  алаңы, га

        жөні  (аталуы)                                                                                                   

 

1      «Құрылыс материалы» акционерлік       20-314-049-033    Боралдай көшесі,   жалпы — 16,0657,

қоғамы                                                                                   91 үй                     алынатын бөлігі –                                                                           0,1083

 

2      «Құрылыс материалы»                            20-314-049-256    Боралдай көшесі,   жалпы — 0,8604,

акционерлік қоғамы                               91 в үй   алынатын бөлігі –                                                                                 0,6072

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №2/200-1240 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты

жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп

иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы №1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 2-тармағының 4- тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2019 жылғы 4 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазандықты құрылысы үшін «БТА Банк» акционерлік қоғамында Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/14 учаске (кадастрлық нөмірі 20-322-001-090), мекен-жайы бойынша орна­ласқан, аумағы 1,9974 га., жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байла­нысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кабинет болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  5. Заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жер учаскесінің меншік иесіне ескертсін және өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
  6. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шараларды аяқтағаннан кейін:

1) жер учаскесі Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін.

2) мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскесіне меншік құқығын Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасына тіркесін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Әзірбаевқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі  Б.Байбек.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *