Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі №2/266 қаулысы

Алматы қаласының Әділет департаментінде

2019 жылдың 2 мамырында тіркелген, №1555

 

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір  қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сә­уірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.ІАлматы қаласы әкімдігінің:

1) «Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құры­­лыс бақылауы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесін  құру туралы» 2015 жыл­­ғы 30 қаңтардағы №1/52 (Нормативтік құқық­тық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  2015 жылғы  4 ақпанда №1120 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);

2) «Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ком­муналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2015 жылғы 30 қаңтардағы №1/54 (Норма­тивтік құқықтық ак­тілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жыл­ғы 5 ақпанда №1121 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет орган­дарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орна­ластыруды қамтамасыз етсін.

3.ІОсы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Әзір­баевқа жүктелсін.

4.ІОсы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласының әкімі          Б.БАЙБЕК.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *