Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі №2/250 қаулысы

Алматы қаласының Әділет департаментінде

2019 жылдың 26 сәуірінде тіркелген, №1551

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

2015 жылғы 20 сәуірдегі 

№2/257 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан  Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 20 сәуірдегі №2/257 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1162 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда «Алматы ақшамы» және 2015 жылғы 21 мамырда «Вечерний Алматы» газеттерінде жария­ланған)  қаулы­сының күші жойылды деп танылсын.
  2. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкім­дігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қам­тамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Сем­бековке жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласының әкімі      Б.БАЙБЕК.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close