Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №1/1-560 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы №1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 2-тармағының 4-тармақшасы, Қазақстан Республика­сының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комис­сиясының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Онкологиялық орталықтың аумағын кеңейту үшін «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының, Бостандық ауданындағы, Жароков көшесі, 245 үй (кадастрлық нөмірі 20-313-012-135), мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы аумағы 0,1234 га. жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 514 кабинет болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  5. Заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы меншік иесін ескертсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама­сы­мен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байла­нысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлік­ті мәжбүрлеп иеліктен шығару шараларын аяқтағаннан кейін:

1) жер учаскесін Алматы қаласы Қаржы басқар­масының теңгеріміне берсін.

2) мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскесіне меншік құқығын Алматы қаласы Қаржы басқармасына тіркесін;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Мәкежановқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі 

Б.Байбек.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *