Алматы қаласы Білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

         «№1 Алматы мемлекеттік қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі» МКҚК директоры, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекен-жайы: Шемякинк-сі, 131. Тел. 290-04-86, 278-56-84, 295-58-70.

  1. «Алматы құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК директоры, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекен-жайы: Саин к-сі, 32. Тел. 268-00-08.
  2. «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі» МКҚК директоры, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекен-жайы: «Тастақ-1» ы/а., 1В. Тел.: 393-41-91, 393-39-52.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді.

Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.

Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.

Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

 

Лауазымдық жалақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 101404 теңгеден 122994 теңгеге дейін.

 

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы негізінде өткізіледі (әрі қарай – Қағида) (Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 ж № 213).

 

Конкурсқа қатысуға өтінім беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу мерзімі жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

Конкурс онлайн-режимде Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекен-жайында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекен-жайға тапсыру керек: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ 351-кабинеті немесе Мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет).

 

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ немесе Мемлекеттік корпорация (Азаматтарға арналған үкімет) лауазымға орналастыру үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

 

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекен-жайлары: 8(727) 262-27-51, 8(727) 271-66-27; факс: 8(727) 271-65-09. Элекрондық адрес: u.edu@almaty.gov.kz.

 

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

  • конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  • кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;
  • білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

 

Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өту кезінде кандидат 120 сұраққа жауап беруі қажет:

нормативтік құқықтық актілер бойынша – 100 сұрақ;

педагогика және психология негіздері бойынша – 20 сұрақ.

Тестілеуден өту үшін шекті деңгей әр бағыт бойынша 50%-ды құрайды.

 

Тестілеу 2020 жылы 26 тамызда өткізіледі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *