«АЛМАТЫ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ АШЫЛДЫ

Елбасының «Қазақстандық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агентті­гінің бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы – адалдық алаңы» жобасы іске қосылды. Әрбір мектептің ата-аналар қауымы бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді шешу, «қиын» жас өспірімдермен әңгімелесу және тәрбие ісін жақсарту мақсатындағы ұсыныстарды қарау үшін өздерінің жеке кеңістігі болуы қажет.

Міне, бүгін Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназия директоры Жанар Абитова «Алматы – Адалдық алаңы» жобасы аясында екінші қабаттағы 34 шаршы метр директор кабинетін бірінші қабатқа 18 шаршы метр кабинетке ауыстырды. Ал екінші қабаттағы директор кабине­тінде ата-аналар қонақжай бөлмесі ашылды. «Отбасы және мектеп» өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қажетті екі айырыл­мас элемент. Сондықтан заманауи білім беру процесінде «ұстаз-ата-ана-бала-мектеп-психологі» арасындағы тығыз байланысты сақтау аса маңызды. Осыған орай, Жетісу ауданы №110 мектеп-гимназияда қоғам өкілдерінің Алматы қаласы АГДСПК басшысы Данияр Таумұ­рат, Алматы қаласы бойынша мем­лекеттік істер және жемқорлыққа қарсы тұру агентті­гінің Әдеп коми­тетінің кеңес мүшесі Ерлан Қуаныш, Алматы қалалық МҚЖЖҰІҚ департаментінің бас­қарма басшысы Серік  Пірімбетов, «Алматы – адал­дық алаңы» жоба­сының жетекшісі Александр Бра­тенков, Жетісу аудандық Білім бөлі­мінің басшысы Салтанат Құсайы­нова, Жетісу аудан­дық Білім бөлі­мінің бас маманы Жанна Тыныш­баеваның қатысула­рымен «Алматы – адалдық алаңы» жобасының тұсаукесері болып өтті.

«Ата-аналар қонақ бөлмесі» жоба­­сының ашылуы «Алматы – адалдық алаңы» сыбайлас жемқор­лыққа қарсы жобасының ықпал етуімен жүзеге асуда.

 

Сайраш КӨБЕЛДЕСОВА,

№110 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *